Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырау қаласындағы коммуналдық қызметтердің қысқы маусымға дайындығы талқыланды

Atr.kz/26 тамыз, 2020 жыл. Ағымдағы жылдың 25 тамызы күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Таубаевтың төрағалық етуімен және ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы А.Шаңғытбаевтың қатысуымен коммуналдық қызметтердің қысқы маусымға дайындығы және «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбырын жөндеу жұмыстары туралы жиналыс өтті. Оған коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты.

Облыс әкімдігінің биылғы 28 мамырдағы №92 «Атырау облысының аумағында 2020-2021 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде нысандардың жұмысқа дайындығы туралы» қаулысымен облыстық ведомствоаралық комиссия құрылған болатын. Сол бойынша нақты іс-шаралардың жоспары бекітілген еді.

Бүгінде барлығы 1737 көппәтерлі тұрғын үйлерден — 1402 тұрғын үй, 409 білім беру нысанынан — 392 нысан, 147 денсаулық сақтау нысанынан – 135 нысан гидравликалық сынақтан өтті. Жалпы жылу беру маусымына – 5,7 млрд.теңге қаражат бөлінді. Жергілікті кәсіпорындар мен мекемелер жылу беру маусымына дайындық шараларын жүргізуде. 19,6 шақырым жылу желілерінің ішінде 11,4 шақырымына, 781,19 шақырым электр желілерінің ішінде 679,47 шақырымына және 3,08 шақырым су және кәріз желілерінің ішінде 2,3 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Атырау ЖылуЭлектрОрталығы» АҚ-ның («АЖЭО» АҚ) негізгі қондырғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың 1-14 қыркүйегі аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ Магистралды газ құбыры «Атырау» басқармасымен «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбырының жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары кезінде, нақтырақ айтқанда, 1-7 қыркүйек аралығында Мақат ауданына қарасты Доссор кенті және энергия өндіруші мекеме «Karabatan Utility Solutions» ЖШС газбен қамту тоқтатылады.

Ал, 8-11 қыркүйек аралығында Атырау қаласының сол жақ жағалауы мен кәсіпорындарды газбен қамту тоқтайды. Атап айтқанда Атырау қаласындағы елді мекендері және Махамбет ауданына қарасты Алға, Ортақшыл, Есбол, Ақжайық, Еңбекшіл ауылдары, сондай-ақ ірі энергия өндіруші мекеме «Атырау Жылу Электр Орталығы» АҚ газ бен қамтылмайды.

Осы уақыт аралығында тұтынушыларды электр қуатымен тоқтаусыз қамтамасыз ету үшін «Атырау Жылу Электр Орталығы» мазут отынын жағу арқылы өз жұмысын жалғастыра береді. Осы орайда жергілікті әкімшілік тарапынан тиісті мекемелерді жұмылдыра отыра тұтынушыларды үздіксіз электрмен қамту жоспары жасақталды. Сондықтан да жөндеу жұмыстары кезінде тұтынушыларға электр мәселесі жағынан келеңсіз жағдайлар туындамайды.

– Жиында көтерілген мәселелердің барлығы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың жеке бақылауында, — деп атап өтті Нұрлан Таубаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button