Атырау қаласында салынып жатқан тағы бір үй заңсыз болып шықты
Атырау қаласы, Береке ықшам ауданында салынып жатқан 240 пәтерлі тұрғын үй заңсыз болып шықты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының facebook парақшасында жарияланды.
Атырау қаласы, Береке ықшам ауданы 2 дақ (19,76 га) учаскесі мекен-жайында жүргізіліп жатқан “240 пәтерлі тұрғын үй” құрылысына Басқармамен заңды тұлғаның арызы негізінде ҚР «Кәсіпкерлік кодексіне» сәйкес мердігерге жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
“Тексеру барысында аталған жұмыстар құрылыс нормаларымен Заң талаптарына сәйкес жүргізілмегендігі анықталып,осы негіздер бойынша Басқарма тарапынан ҚР ӘҚБтК сәйкес бас мердігерге айыппұлдар салынып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар, тексеріс барысында аталған “240 пәтерлі тұрғын үйдің” тапсырыс беруші тарапынан да заң бұзушылықтар анықталып, жауапты лауазымды тұлғаға айыппұл салынды”,- делінген жазбада.