![Атырау қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылуда 1 370698095 1932348720480935 1766951159984299821 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/08/370698095_1932348720480935_1766951159984299821_n.jpg)
Жаңалықтар
Атырау қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылуда
Атырауда «Мектепке жол» республикалық акция аясында 25-29 тамыз аралығында Дина және Насиха сауда үйінің аумағында жәрмеңке ұйымдастырылуда.
«Бүгінгі Дина базарында өтіп жатқан жәрмеңкеде 20-дан астам кәсіпкерлік субъектілері қатысуда. Жәрмеңкеде оқушылардың мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтары нарықтағы бағадан 10-15% төмен сатылуда, ал кейбір кәсіпкерлердің өнімдеріне 30-50% дейін жеңілдіктер бар», — деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігі.
![Атырау қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылуда 2 370862755 1932348740480933 205833087820449490 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/08/370862755_1932348740480933_205833087820449490_n-1024x768.jpg)
Айта кетейік, аталған жәрмеңке 25 тамызынан бастап 29 тамызға дейін жалғасады.