Атырау қаласында бес бағытта маршруттар жүре бастайды

unnamed file 7 Жаңалықтар

«Бұл туралы «Ақ Жайық Автопарк» ЖШС директоры Қуантай Қалман айтты. Және Атырау қаласында бұрын қамтылмай келген 3 бағытқа биыл жаңадан автобустар қатынай бастады» деп хабарлайды Atr.kz

Автопарктің дайындық деңгейіне байланысты, жақын арада жаңадан 5 маршрутты іске қосу жоспарланып отыр.

» Олар: №3 маршрут ( «Атырау» ы\а – «Дина» базары), №15 маршрут («Сарықамыс – т/ж вокзалы), №30 маршрут («Тұрғын үй қалашығы» ы\а – Жеңіс Саябағы), және №56 маршрут (Алға селосы– «Дина» базары) пен №62 маршрут («Қара өзек» ы\а –  «Дина» базары) болмақ» деді спикер.

Белгілі болғанындай, биыл Атырау қалалық әкімдігі жолаушылар тасымалына жұмылдырылған автобустар санын 140 тан 250ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз