Атырауда қызметіне мүлдем тыйым салынған «Лото» клубының карантинде жұмыс істеп тұрғаны анықталды

img 20201229 wa0042 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлермен мониторингтік топтардың кәсіпкерлік нысандардағы карантиндік шектеулердің сақталуын анықтау бағытындағы жалғасуда, – деп хабарлады Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.

25 желтоқсан күні сағат 23:10 шамасында, Амандосов көшесінде орналасқан «Лото” ойын клубы, ағымдағы жылдың 19 желтоқсанындағы  Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №71 қаулысының 5.1 тармақшасына сәйкес, ойын клубтарының жұмысына мүлдем тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істегендігі анықталды.

26 желтоқсан күні сағат 22:30 шамасында Студентческий даңғылында орналасқан «Тофу” мейрамханасы сағат 22:00-ден кейін жұмыс жасап   тұрғандығы анықталды. Аталған мейрамхана ішінде шамамен 60-қа жуық адам болған. Айта кететіні, бұл мейрамхана бұған дейін де карантин режимін екі рет бұзған.

Ал, 26 желтоқсан күні сағат 23:40 шамасында, Жансүгіров көшесінде орналасқан «Ak’s rezervе” мейрамханасы сағат 22:00-ден кейін жұмыс жасап   тұрғандығы анықталды.  Аталған мейрамхана ішінде шамамен 20-ға жуық адам болған. Бұл мейрамхана да бұған дейін екі рет карантин режимін бұзған.

Одан басқа, 26 желтоқсан күні сағат 23:44 шамасында, Еркінқала шағын ауданында орналасқан «Жансезім” азық-түлік дүкені сағат 23:00-ден кейін жұмысын жалғастырып тұрғандығы анықталса, 27 желтоқсан күні сағат 00:16 шамасында Жұмыскер поселкесінде орналасқан «Гүлсезім» азық-түлік дүкені  карантин талаптарын бұзып, сағат 23:00-ден кейін жұмыс істеген.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз