ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкономика
Атырау қаласында Береке ықшамауданының 42 көшесіне жол салынады
Atr.kz/3 шілде, 2020 жыл. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 19,3 км жаңа жол салынады.
Аталған жоба «жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Ол үшін, республикалық бюджеттен 1,67 млрд теңге бөлінген. Енді, жол-құрылысын жүргізетін мердігер мекеме анықталған соң, жол салу жұмыстары басталады – дейді мамандар.
Айта кетейік, 19,3 км қашықтықты қамтитын жол екі жолақты, ал, аумағы 6 метр болады
«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»