ЖаңалықтарҚоғам
Атырау қаласынан жанұялық үлгідегі балалар ауылы салынады
Atr.kz/7 ақпан, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің есеп беру жиынында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.
«Өткен жылы көптен бері жөндеу көрмеген Атырау облыстық 100 орындық кардиологиялық орталыққа қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Биыл осы орталыққа қосымша 50 орындық ғимарат пайдалануға беріледі.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы Атырау қаласынан Жанұялық үлгідегі балалар ауылының (1 429,3 млн.теңге, КТК) және Жасөспірімдер үйінің (260,2 млн. теңге, КТК) құрылысы басталатын болады» деп нақтылады Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Айбөпе САБЫРОВА