
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуі өтеді
Биылғы 5 желтоқсан күні сағат 15.00-де Атырау қаласының әкімі Сарықамыс және Гаухартас тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің аппараты телеграмм каналда хабарлады.
“2023 жылғы 5 желтоқсан күні сағат 15.00-де Атырау қаласы, Сарықамыс шағын ауданы, Бөкен би көшесі Nº8 мекен-жайындағы Nº33 Қ.Қайсенов атындағы орта мектеп ғимаратында Атырау қаласының әкімі Ш.Кейкиннің Сарықамыс шағын ауданы және Гаухартас тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесуі өткізіледі”, — делінген жазбада.