Жарнама
Жаңалықтар

Балықшы және Алмагүл мөлтек ауданындағы саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Балықшы және Алмагүл мөлтек ауданындағы саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Қазіргі таңда аталған саябақтарға толықтай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сметалық құжаттары жасақталды. Бүгінгі күні мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық электронды конкурс жарияланды. Қорытындысы шілде айында шығады», — деп хабарлады Атырау қаласының әкімдігі.

Жасақталған сметалық құжатқа сәйкес, Алмагүлдегі саябақтағы Әбу Сәрсенбаев ескерткіші қалыпқа келтіріліп, граниттер мен бүлінген төсем тастары ауыстырылмақ.

Саябақта ойын және жаттығу алаңы жаңартылып, заманауи ЛЭД жарық шамдары қондырылады. Сонымен қатар, ескірген қоршаулары ауыстырылып, арнайы қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button