Жарнама
БілімЖаңалықтарСаясат

Атырау қаласы әкімінің есебінде апатты мектептерді шұғыл жою тапсырылды

Atr.kz/7 ақпан, 2020 жыл. Бүгінгі күні облыстағы апатты бес мектептің екеуі Атырау қаласында.

Олар — Жұмыскер ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы және М.Жұмабаев атындағы N1 мектеп. 
Айта-айта жауыр болған бұл мәселені биыл шешу қажеттігін Атырау қаласы әкімінің есебінде аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қатаң тапсырды.

 «Шынын айту керек осы проблема жедел түрде шешілуі тиіс. Бұл жұмыстарды іске асыруды Атырау қаласының әкімі Қайрат Құлымұлына және Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Хайдарұлына міндеттеймін» деді Махамбет Жолдасқалиұлы. 

Еске сала кетелік, бүгін Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев тұрғындар алдында есеп беруде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/mahambet-dosm%D2%B1hambetov-%D2%9Bala-%D3%99kimine-%D2%9Bandaj-tapsyrma-berdi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button