Жарнама
Жаңалықтар

Атырау қалалық әкімдігінде жаңа бөлім басшысы тағайындалды

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып Мереке Зинуллин тағайындалды, — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Мереке Мұхсиұлы 1987 жылы Атырау қаласында туған. 2008 жылы Атырау мұнай-газ институтын аяқтап, «Есеп және аудит» мамандығын, 2010 жылы Атырау мұнай-газ институтында «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығын, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық институтынан «Құқықтану» мамандығын алған.

Еңбек жолын 2008 жылдан бастаған. 2011 жылдан мемлекеттік қызметте, Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маман, Жылой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Тағайындалғанға дейін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс басқармасының Атырау облысы бойынша аймақтық бөлімшенің жетекші маманы лауазымында жұмыс істеген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button