ЖаңалықтарМедицина
Атырау қалалық перзентхана ғимаратында Алматы медико-генетикалық орталықтың филиалы ашылды
Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Бүгінде облыста жаңа туылған ақауы бар балаларды емдеу үшін арнайы аппараттар алынып, іске қосылып жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, жуырда Атырау қалалық перзентхана ғимаратында Алматы медико-генетикалық орталықтың филиалы ашылды.
Бұл туралы облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беруінде айтылды.
— Ол жерде әртүрлі генетикалық аурулардың алдын алу және дер кезінде анықтау мақсатында жүкті әйелдерге биохимиялық-перинеталдық диагностика, жаңа туған нәрестелерге неоноталдық диагностика жасалады.
Қазіргі уақытта алматылық дәрігерлер жергілікті мамандарды тегін оқытып, үйретуде. Бұл жұмыстар өз нәтижесін береді деп сенемін, — деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА