ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам
Атырау пробация қызметі еріктілермен бірлесіп көпбалалы әйелге үй сыйлады
Atr.kz/2 қараша, 2020 жыл. Атырау қалалық пробация қызметі «Харекет» қайырымдылық қорымен бірлесіп өздерінің есебінде тұрған сотталған көпбалалы әйелге 4-бөлмелі үй алып берді. Көптен күткен баспананың кілтін облыстық пробация қызметінің бастығы Нұрлан Қаболов табыстады.
Пробация қызметінің мәліметінше, 35-жастағы 6-балалы жалғызбасты әйел ҚР ҚК 188 (Ұрлық) бабымен істі болған. Сондай-ақ, ІІІ топ мүгедегі ретінде есепте тұр.
- Әр адам қателік жасайды. Бірақ жасаған қателіктеріне қарамай, біз оларға қол ұшын созуымыз керек. Осы азаматшаның қиын жағдайға тап болғанын көріп, қайырымдылық қорларымен байланысып, «Харекет» қайырымдылықтық қорының еріктілерімен бірге 4-бөлмелі үй алдық. Осы игі іске қолдау көрсеткен барша мейірімді жандарға алғысымыз шексіз,-дейді пробация қызметінің инспекторы Жарқынай Бақтиярова.
Көпбалалы әйелге көмек осымен тоқтап қалмақ емес. Атырау қалалық пробация қызметі әйелдің балаларына қажетті көмекті көрсетіп, игі іс жалғасын табады.