Атырау полициясы ШҰҒЫЛ МӘЛІМДЕМЕ жасады (+ВИДЕО)

img 20220126 wa0027 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер көлік жүргізіушілерін сақ болуға шақырады.

26 қаңтар күні сағат 09:30 шамасында “Toyota Prado” автокөлігінің жүргізушісі Атырау-Орал тас жолы бойы, Береке ауылынан асқан тұста басып озу кезінде алдында бір бағыттас солға бұрылып жатқан маркасы “Ваз 2114” автокөлігіне соқтығысып, соққы екпінімен “Toyota Pradо” автокөлігі жол жиегінде орналасқан электр бағанасына соқтығысқан.

Соққы салдарынан жарақат алғандар жоқ, электр бағанасына келтірілген материалдық шығын анықталуда.

Одан басқа, 26 қаңтар күні сағат 08:00 шамасында маркасы “Toyota Corolla” автокөлігі Атырау-Еркінқала тас жолы, Жұмыскер мөлтек ауданының тұсында метеорологиялық жағдайды ескермей тайып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан “Audi A6” автокөлігімен соқтығысқан.

Осындай оқыс оқиғаларды болдырмау үшін Атыраулық полицейлер күннің тайғақ болуына байланысты жүргізушілерді қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және ережелерді сақтауға шақырады.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолды кесіп өткен кезде, автомобильдің тежегіш жолы ылғалды және тайғақ жолда ұзаратынын ескеруі қажет. Жол-көлік оқиғалары мен оқыс оқиғалардың алдың алу үшін өте мұқият болыңыз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз