Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырау полицейлері «Такси» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді

Атырау полицейлері 5-7 тамыз күндері «Такси» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты жолаушы тасымалдайтын автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуын болдырмау, сонымен қатар,
Атырау облысының Бас мемлекеттік дәрігерінің
2 тамыздағы
«Облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қосымша шектеу шараларын енгізу туралы»
Қаулысының «бетперде тәртібін сақтай отырып, тасымалдау салонында екі жолаушы немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын такси қызметінен басқа көлік қозғалысына тиым салынған» туралы 4-тармағы талаптарының орындалуын бақылау.

Патрульдік полиция қызметкерлері қалаішілік, аудан орталықтары, сондай-ақ,
көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен бірлесіп республикалық маңызы бар тас жолдарында барлығы 316 — жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты
анықтады. Атап айтқанда,
жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу — 53, міндетті техникалық байқаудан өтпеген- 3,
көлік құралын басқарған кезде телефон пайдаланған- 2, қауіпсіздік белдігін тақпаған- 4,
бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен-2,
көлік құралын басқару құқығы жоқ -2 жүргізуші анықталып, ӘҚБтК баптарына сәйкес хаттамалар толтырылып, 2 көлік
айыппұл тұрағына қойылды.

Атырау-Орал тас жолының
62- шақырымында тоқтатылған Honda Adice, Атырау-Астрахань тас жолынан тоқтатылған Toyota Alphard , Доссор-Құлсары жолынан тоқтатылған Toyota көліктерінің жүргізушілері карантин режимінің талаптарын бұзып, әрқайсысы
көлік салондарына 6 жолаушыдан тасымалдаған.
Карантин режимін бұзғандарға қатысты жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін Атырау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button