Жарнама
Жаңалықтар

Атырау перзентханаларына 100 шұлық табысталды

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен облыстық іскер әйелдер кеңесінің ұйытқы болуымен Наурыз мерекесі қарсаңында «Екі орам» деген атаумен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шарада шала туған нәрестелердің өмірін сақтау үшін 100 қыз-келіншек пен ақжаулықты әжелер түйенің жүнінен 100 шұлық тоқыды. Акция аясында тоқудан шеберлік сабақтары да өтті.
Тоқылған шұлықтарды Атырау облысы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының бас инспекторы Зәмзәгүл Жалмурзина мен облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұхатаева облыстық жане қалалық перзентханаға табыстады. Сонымен қатар «Екі орам» акциясы челлендж ретінде өзге де аудандарға жолданды. Мереке қарсаңындағы ерекше тартуға перзентхана басшылығы ерекше алғысын білдірді.

Мамандардың сөзінше, жүннен тоқылған киімдер жылуды өте жақсы сақтайды. Көбіне салмағы бір келіге де жетпейтін шала туған шақалақ үшін бұл өте маңызды.

-Қазақстанда жыл сайын айы-күні жетпеген 3000-4000 бала дүниеге келеді. Күні жетіп туған балаға қарағанда, шала туған бала жылулықты сезінбейді. Қазақта баяғыдан жүннен тоқылған бұйымдардың барлығының жылулығы бар деп айтқан. Соны естіген шетелдіктер шала туған баланың аяғына таза жүннен тоқылған шұлықтарды кигізіп қояды екен. Дүниеге келгеннен кейін барлық бала жылулықта өсіп-өнуі тиіс. Сондықтан мұндай бастама Атыраудың қыз-келіншектері наурыз мерекесінде 100 шұлық тоқуы үлкен дәстүр. Бүгінгі бастамаларыңыз құтты болсын. Дүниеге келген сәбилеріміз ауырмасын,- деп тілек білдірді Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Альфия Адиева.
Қайырымдылық акция барысында жас өнерпаздар ерекше өнерлерін тарту етті. Сондай-ақ іс-шарада ұлттық сусындар мен дәмді тағамдар ұсынылды.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button