Жарнама
Жаңалықтар

«Атырау-Орал» тас жолы тағы жырылды

Ағысы қатты өр суының Махамбет ауданындағы елдімекендерге қаупін сейілту мақсатында  «Атырау – Орал» тас жолында  Сарайшықтан кейінгі  44 шақырымдағы жол жырылды.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, қазір Оралға жол жүретін автокөліктер Исатай ауданына қарасты Х.Ерғалиев ауылы арқылы  Махамбет ауданына шығып, әрі қарай «Атырау – Орал» тас жолымен қатынай алады.

«Атырау — Индер» облыстық маңызы бар тас жолымен жүріп, Ортақшыл ауылы (Махамбет ауданы) тұсындағы көпір арқылы, әрі қарай «Атырау – Орал» тас жолына шығуға болады.

Махамбет ауданы мен Атырау қаласы аралығында қатынайтын көлік жүргізушілері  «Атырау — Индер» тас жолымен, Ортақшыл селосы тұсындағы Махамбет көпірі арқылы жүруі керек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button