
Жаңалықтар
«Атырау — Орал» тағы бірнеше бағыттағы автотрассалар жабық тұр
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты, 22 ақпан кешкі сағат 21:00-ден бері республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабық» деп хабарлайды Atr.kz
«Атырау — Орал , «Атырау — Доссор — Құлсары — Бейнеу» және облыстық маңызы бар «Атырау — Индер — Қарабау — Миялы — Сағыз» тас жолындағы қозғалысы уақытша тоқтатылды» делінген Атырау облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте.
Бұған дейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті 22-23 ақпан аралығында Атырау аумағында екпіні 15-20 м/с болатын қатты жел мен боран соғатынын хабарлаған болатын.