Жарнама
Жаңалықтар

Атырау өңірінде ортағасырлық күміс тиындар табылды

Атыраулық археологтар «Ақтөбе-Лаэти» қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары барысында сирек кездесетін көне күміс монеталар тапты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологтары анықтаған бұл монеталарды ресейлік нумизматика профессоры зерттеп, бедерлі таңбаларын оқып, жоғары бағалаған, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

Ежелгі бұйым Жошы Ұлысында құрылған Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Меңгу-Темір хан тұсында құйылған ақша тобына жатады.

  • Бұл тиындар белгілі нумизматик ғалым Павел Петровтың пайымдауынша, ХІІІ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Құйма ақшаның бір бетінде Меңгу-Темір ханның таңбалары, екінші жағында Қытай иероглифтері бейнеленген. Оның себебі Шығысханнан тараған Құбылай ұрпақтары мен Шағатай ұлысы арасында қақтығыстарда қолға түскен саяси тұтқын Номуханмен байланыстырылады», — деді археолог Амангелді Мұғауұлы.
whatsapp image 2025 07 24 at 17.31.11 1

Қазбадан көрнекті артефакт «Тағара» ыдысының да бүтін күйінде табылғаны айтылды.

  • Соңғы екі-үш жылдықта бұл жерге ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Қалашықтың 53 гектар аумағы толықтай қоршалды. Болашақта ашық аспан астындағы музейге айналдыруды жоспарлап отырмыз, — деді облыстық Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев.
whatsapp image 2025 07 24 at 17.31.11

Археолгиялық зерттеу жұмыстарына Атырау университетінің тарихшы мамандығында оқитын студенттері де қатысқан. Бүгінде көне қалашықтың 500 шаршы метр аумағынан аршып алған артефактілер оқу ордасының зертханасында терең зерттеледі деп жоспарланып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button