Атырау өңірінде өрт оқиғасы азайған

eac4219 Жаңалықтар

Atr.kz/31 қазан, 2019 жыл. Аймақта ағымдағы жылы 195 өрт орын алып, толықтай ауыздықталған.

Тынымсыз жұмыстың арқасында былтырғы жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы өрттің саны едәуір азайып отыр.  2018 жылы 243 өрт оқиғасы орын алса, биыл жыл басынан бері 195 өрт оқиғасы тіркелген. Соның ішінде 53 адам құтқарылып, 390  адам қауіпсіз жерге көшірілді.  

№1мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ерлан Рақмашовтың айтуынша, бұл тұрғындардың арасында жиі жүргізілген түсіндірме жұмыстарының арқасында, осындай нәтижеге қол жеткізілген. 

–    Облыс аумағында 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бар. Барлығы да соңғы үлгідегі өрт сөндіру техникаларымен жабдықталған. Қазіргі таңда өрт сөндіру бойынша техникалардың бәрі сақадай сай дайын. Сонымен қатар, көпшілік адам коп жиналатын жерлерде, яғни, сауда орындарда,базарларда жеке құраммен өрт тактикалық жаттығуларымыз  күнделікті өткізіліп тұрады,- дейді Ерлан Рақмашов. 

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша бүгінде өрт сөндіру бөлімдерінде 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз