«Atyrau Oil & Gas» көрмесі өтеді
6-8 сәуірде Атырауда «Атырау мұнай және газ» Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі өтеді – бұл Атырау облысындағы дәстүрлі және көп күткен жаңалығы болатын. Ол жыл сайын сала көшбасшыларын, жетекші компанияларды біріктіреді, сонымен қатар кәсібін жаңадан бастағандар үшін тиімді бастамаға айналуда.
Сонымен қатар, «Atyrau Oil&Gas» — өнімді салалық нетворкинг алаңы болып табылады және барлық нарық қатысушыларына көрмеге қатысушылардың өнімдерімен, қызметтерімен танысуға, өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, көрмеде жетекші компаниялардың семинарлары өткізілуде. Осылайша, үш күн ішінде көрме қатысушылары мен қонақтары Теңізшевройл, NCOC, Каспий құбыр консорциумы-К, КМГ Инжиниринг, Rosen Europe, AYACOM, APEC Training Centre ЖШС семинарларына қатыса алады.
Биылғы жылы Atyrau Oil&Gas көрмесінде Беларусь, Қазақстан, Нидерланды, АҚШ, Ресей және Туркиядан 60-тан астам компания қатысады. Атырау облысын 14 компания таныстырады, қазақстандық қатысушылардың жалпы саны — 45 кәсіпорын. Атырауда алғаш рет ұжымдық экспозицияны Башқұртстан Республикасы мен Ярославль облысы ұсынады.
Көрме Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Kazenergy» қауымдастығының, «KazService» Одағының, Petrocouncil және Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының ресми қолдауымен өтуде.
Атырау мұнай-газдың ресми серіктестері – Теңізшевройл, Каспий құбыр консорциумы-Қ және AYACOM.
Шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы.
Көрме Әбілқайыр хан даңғылы, 58-де орналасқан Абай орталығында өтеді.
Atyrau Oil & Gas көрмесінің негізгі іс-шаралары:
6 сәуір, 10.30 — ресми ашылу және VIP тур;
6 сәуір сағат 11.30 — «Атырау облысының мұнай-газ саласын дамыту» пленарлық отырысы,»Абай» орталығының бас конференц залы;
6-8 сәуір, 10.00 – 17.00-компаниялардың семинарлары.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7 771 901 24 24 нөміріне хабарласыңыз.