Атырау облысының қаржы басқармасына басшы тағайындалды
Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық қаржы басқармасы басшысының лауазымына Мұқасов Мейіржан Жолдасұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Мейіржан Мұқасов Атырау аграрлы-техникалық колледжінің «Жерге орналастыру» мамандығын, Атырау мұнай және газ университетінің «Жерге орналастыру» мамандығын, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқық» мамандығын, Мәскеу экономикалық университетінің «Экономика» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек өтілі:
07.2013-06.2015 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы;
06.2015-08.2015 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы;
08.2015-08.2016 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру секторының бас маманы;
08.2016-04.2018 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғын үй секторында бас маман;
05.2018-06.2018 жылдар аралығында «УК СЭЗ «НИНТ» АҚ-да менеджер;
10.2018-12.2018 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы;
12.2018-11.2019 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторының басшысы;
11.2019-06.2020 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары;
06.2020 жылдан бастап қалалық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.