Атырау облысының полицейлері қоғамдық дау тудырған қылмысты ашты

64516482 cec3 4ba2 a21f 2080d47a3754 Жаңалықтар

6 қыркүйек күні Жылыой ауданының  1973 жылы туған тұрғыны  жылқыларын іздеуге аттанып, із-түзсіз жоғалған. 

Аталған факті бойынша Атырау облысы полиция департаментінің (ПД) қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. 

e0508397 4651 45a1 8b10 a5ec4600a56f

Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында   облыс  полиция департаменті мен  төтенше жағдай департаменті қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер аумақты аралап, іздеу жұмыстары жан-жақты  жүргізілді.

Бүгін 14 қыркүйек күні полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  таңертең Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 100 шақырым жердегі Қырықмылтық кен алаңында  15-20 метр тереңдіктегі  шұңқырдан  жоғалған  азаматтың денесін тауып, сараптама тағайындалды.

Қылмысқа күдікті бұрын сотты болған 38-жастағы Жылыой ауданының тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тергеу  барысында қылмыстың  себебі анықталатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз