
Жаңалықтар
Атырау облысының бас имамы дауыс берді
«Атырау қаласындағы №41 мектеп-гимназиясында орналасқан №278 учаскеде
облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы таңдауын жасады», — деп
хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Біз бейбіт, рухани қуатты, бәсекеге қабілетті елді құру үстіндегі маңызды
іс-шараға белсене қатысуымыз керек. Әр адамның азаматтық позициясы
айқындалатын күннің өтуі маңызды деп білемін. Мемлекеттің азаматы
ретінде дауыс беру – борышымыз, — деді А.Ұтысханұлы.
№278 сайлау учаскесіне 1340 адам тіркелген. Мұнда 5 комиссия мүшесі,
сайлау төрағасы мен хатшысы қызмет етіп, процесті 4 бақылаушы
қадағалауда.
Өз тілшіміз