news14528

Атырау облысының ауылдық округтері әкімдерінің құрамы 55% – ға жаңартылды

Жаңалықтар
50 / 100

Атырау облысында ауылдық округ бойынша 52 кандидат сайлауға қатысты, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауыл әкімдерін сайлау 25 шілдеде 18 сайлау округінде өтті. Округтер бойынша сайлаушылар тізіміне 44 305 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге 32 981 адам қатысты. Жалпы, дауыс беру қорытындысы бойынша 74,4% – ды құрады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Атырау облысында сайланған 18 әкімнің 15 – і «Nur Otan» партиясынан, тағы біреуі «ADAL» саяси партиясынан ұсынылған, сондай – ақ, екі өзін-өзі ұсынған азаматтар бар.

  • Халық сайлаған барлық ауыл әкімдері кешегі күннен бастап қызметіне кірісті. Ауылдық округ әкімдерінің құрамы 60% – ға дерлік жаңартылды, – деп түсіндірді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Сайланған 18 әкімнің ішіндегі ең жасы – Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округінің әкімі 29 жастағы Қайсар Мақсұтов болды.

Ал әкімдердің ішіндегі жалғыз әйел – Роза Қамзаева Сафон ауылдық округінің әкімі болып қайта тағайындалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған