Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырау облысының әкімі Үндеу жариялады

Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. Праймериздің негізгі мақсаты — әділдікті басшылыққа ала отырып, шынайы таңдау жасау. «Nur Otan» партияcының Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі М.Ж.Досмұхамбетовтің партияiшіліқ іріктеу – праймериз өткізудің басталуына байланысты жасаған үндеуінде осылай дейді.

  • «Құрметті атыраулықтар! «Nur Otan» партияcы қоғамның тілек-талабымен санаса отырып, заманға сай дамуды үнемі басты назарда ұстайды. Бұл ретте Тәуелсіздік тарихында алғаш рет партияішілік сайлау яғни праймериз өткізуді қолға алды. Бұл жаңашылдықты Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың өзі «қайта жаңғырудың» басты кезеңі ретінде бағалаған болатын. Еліміздің белгілі саясатттанышулары мен белсенді азаматтары мен озық ойлы жастары да бұл жаңашылдықты қуана құптауда.
  • Партияның бұл бастамасы Қазақстанның соны серпінмен дамуына мүмкіндік берері сөзсіз. Партияішілік сайлау шын мәнінде әрбір азамат үшін — нақты әлеуметтік лифт екені айқын. Бұл — тың ұсыныстар мен жаңа ойлардың іріктеліп, қоғам қазанында қайнаған мықтыларға өз жоба-жоспарын жүзеге асыруға берілетін әділетті жолдама іспетті.
  • Праймериздің негізгі мақсаты — әділдікті басшылыққа ала отырып, шынайы таңдау жасау. Яғни нағыз көшбасшы азаматтардың іріктеліп шығып, елге қызмет етуіне барынша жол ашу. Олай дейтініміз, Праймериздің Ережесіне сәйкес, қоғамның әрбір әлеуметтік тобына яғни әрбір азаматқа мүмкіндік ұсынылады. Өкінішке қарай, коронавирустың қаупі әлі де бар. Сондықтан партияішілік сайлау қауіпсіздікке байланысты жаңа технологиялардың әлеуетін негізге ала отырып өткізіледі» делінген Үндеуде.

Сондай-ақ, онда Атырау облысында Праймеризді дайындау және өткізу мақсатында 1 облыстық және 8 аумақтық ұйымдастыру комитеті құрылғандығы айтылған. Олар бүгіннен бастап Праймеризге қатысқысы келетіндерге кеңес беру және өтініштерді қабылдау бойынша жұмысын бастады.

Дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару мақсатында 8 аумақтық және 84 учаскелік есеп комиссиялары жасақталды. Облыстық және Атырау қалалық, аудандық партия филиалдары бойынша праймеризді дайындау мен өткізу іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, Call-орталықтар іске қосылды.

  • «Атырау облысы бойынша бұл маңызды науқанға қатысқалы отырған барлық үміткерге сәттілік тілеймін! Елдің ертеңі жарқын болуы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген, өңіріміздің гүлденуіне өз үлесін қосуға ниетті, бір сөзбен облысымыздың нағыз мемлекетшіл тұрғындарының барлығын праймеризге қатысып, бақ сынауға шақырамын» деді аймақ басшысы өз Үндеуінде.

«Atr.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button