Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯЭкономика

Атырау облысының әкімі құрылысшыларды марапаттады

Құрылысшылар күні қарсаңында облыстың көркеюі мен экономикалық әлеуетін арттырудағы еңбектері үшін бір топ құрылыс компаниясының жетекшілері мен өкілдері Атырау облысы әкімінің алғысы хатымен марапатталды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов құрылыс саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, облысты көркейтудегі қызметтері үшін алғысын білдірді.

  • Бүгінде елімізде құрылыс саласы — жаңа қарқынға ие болып, экономиканың іргелі тармағына айналды. Бұл сала өңірімізде де өзгеше серпінмен дамып келеді. Жыл санап жаңа ғимараттар мен әлеуметтік нысандардың көбейіп келе жатқаны алдымен мына сіздердің, құрылысшылардың еңбегі. Сол себепті, сіздерге алғысымды білдіремін және кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, — деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Сонымен қатар, жиын барысында бірқатар сала мамандарына ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі, аталған министрліктің «Алғыс хаты» мен «Құрмет» грамотасы және Атырау облыстық мәслихат хатшысының «Алғыс хаты» табыс етілді.

img 20200807 wa0067
img 20200807 wa0069

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button