Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов сайлауда дауыс берді

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында өз дауысын беріп, таңдауын жасады» деп хабарлайды Atr.kz

Өңір жетекшісі Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

№8 сайлау учаскесінің төрағасы Мәншүк Закаринаның айтуынша, таңғы сағат 7-ден өз жұмысын бастаған аталған сайлау учаскесі бойынша екі сағаттың ішінде 15 адам өз таңдауын жасады. Мұнда азаматтарға санитарлық талаптарды сақтай отырып, дауыс беруге барлық жағдай жасалған.

–Аталған учаскеде 1 145 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде қазір саулығына байланысты учаскеге келе алмағандықтан сайлау жәшігін үйіне жіберу үшін 8 адамнан өтініш түсті. Ең үлкен сайлаушы – 81 жаста. Сайлаудың талапқа сай өтуін 5 байқаушы бақылауда. Кіреберістен-ақ, барлық санитарлық талаптар сақталып отыр, — деді сайлау учаскесінің төрағасы.

Учаскеде ең алғаш болып  30 жастағы сайлаушы Батыржан Хисамеденов дауыс берді. Ең бірінші келген сайлаушыға және жасы 18-ге толып, ең алғаш рет дауыс беріп тұрған жастарға сыйлықтар үлестірілді. Бұл күн ең алғаш дауыс берушілер үшін маңызды.

img 20210110 wa0203

Себебі, сайлауда алғаш рет дауыс беру – олардың өміріндегі ерекше сәт. Осындай жастардың бірі – Дина Әліпқалиева.

–Тұңғыш рет Қазақстанның Парламенттік сайлау тарихында әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квота қарастырылған. Парламенттік тәжірибемізде бұл алғаш рет орын алып отыр. Бұл жолғы саяси науқанның негізгі ерекшелігінің бірі де осы болса керек. Сайлауда жеңіске жеткендер елдің игілігі үшін еңбек етеді деп үміттенеміз, — деді жас сайлаушы.

img 20210110 wa0206
img 20210110 wa0202

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА,

Фото Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button