img 20210210 wa0018

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданының тұрғындарын онлайн қабылдады

Жаңалықтар
8 / 100

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданының тұрғындарын онлайн түрде қабылдады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Тұрғындар ауданға мәдениет үйін салу, электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізу, дәрігерлік амбулатория салу, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелерін көтерді.

«Құрманғазы ауылындағы «Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығы» үшін алынған ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу керек. Қазіргі таңда онда 20 бала ем алуда»,-деді аудан тұрғыны Бақыт Ахмұханова.

«Жалпы облыс бойынша түрлі сала бойынша салынатын, күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттар бар, алайда біз олардың маңыздылығына қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырамыз. Егер аса қажеттілік туындап тұрған маңызды нысан болса, жобалық сметалық құжаты жасақталып, сараптама қорытындысын алған соң, қаржыландыру көздерін қарастырамыз»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Ал, аудан тұрғыны Бержан Кенжебаев «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы алған несиесін сол мекеме арқылы қайта несиелендіріп, жүн, тері өңдеумен айналысқысы келетінін айтты.

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Нұрлыбек Алтынбеков несие беру бекітілген талаптарға сай жүзеге асатынын жеткізді.

Сонымен қатар, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тиісті сала басшыларына халықтың көтеріп отырған мәселелерін мүмкіндігінше тез шешіп, жасалуға тиісті жұмыстардың сапалы болуын тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған