Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Атырау облысының әкімі Доссор кентінде салынып жатқан тұрғын үйдің құрылысын көрді (+ФОТО)

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданының Доссор кентінде болып, тұрғын үй нысандарының құрылыс қарқынын тексерді.

Бүгінде Доссор кентінде салынып жатқан үшқабатты тұрғын үйдің құрылысы былтыр, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталған.
60 пәтерлік тұрғын үйдің 30 пәтері екі бөлмелі, қалғаны үш бөлмелі болады. Барлық пәтерге автономдық жылыту қазандығы орнатылған.
Тұрғын үйіді аралап шыққан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мердігерлерге нысанды белгіленген мерзімінде беруді тапсырды.

Қазіргі таңда тұрғын үй-құрылысы жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Нысанды тапсыру мерзімі осы жылдың тамыз айының 25-іне жоспарланып отыр.

Айта кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов кеше Мақат және Жылыой ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысқан болатын.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 08 03 at 12.56.12
whatsapp image 2020 08 03 at 12.54.36
whatsapp image 2020 08 03 at 12.54.35 1
whatsapp image 2020 08 03 at 12.56.12 1
whatsapp image 2020 08 03 at 12.56.12 2

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button