Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаФОТОГАЛЕРЕЯ

Атырау облысының әкімі денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар сын айтты

«Аймақ басшысы денсаулық саласына қатысты отырыста кейбір мәселелерді сынға алып, жұмысты жандандыруға пәрмен берді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Өңір басшысы бірінші кезекте халыққа сапалы қызмет көрсету қажеттігін, кейбір медициналық мекемеде бұл мәселе сын көтермейтінін баса айтты. 

«109 бірыңғай байланыс орталығына медициналық ұйымдардың жұмысына халықтың әлі де болса көңілі толмайтыны жөнінде шағымдар жиі түседі. Әсіресе, қызметтің сапасына, мамандардың деңгейі мен этикасына қатысты шағым өте көп. Яғни, бұл емхана, аурухана басшыларының жұмыстарын әлі де болса тиісті деңгейде ұйымдастыра алмай отырғанын көрсетеді»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сонымен қатар өңір басшысы медицина саласына барлық жағдай жасалып, мемлекеттік қолдау күшейіп, қызметкерлердің еңбекақылары жылдан жылға көтеріліп келе жатқанын, егер медициналық ұйым басшылары осы жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмаса, қатаң шара қолдану керектігін қадап айтты.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев кемшіліктер мен олқылықтарды жоюға уәде етіп, сондай-ақ, қазіргі таңда мамандар тапшылығының туындап тұрғанын жеткізді. 

«Биыл сала бойынша 207 маман жетіспейді, бұл көрсеткіш өткен жылы 278 дәрігерді құрап, 93 дәрігер жұмысқа қабылданған болатын. Биыл бұл мәселені гранттар бөлу арқылы біртіндеп шешуді жоспарлап отырмыз»,- деді А.Байдуалиев. 

Жиын соңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов денсаулық саласына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

whatsapp image 2021 04 01 at 18.13.37
whatsapp image 2021 04 01 at 18.13.38 1
whatsapp image 2021 04 01 at 18.13.39

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button