Атырау облысының әкімі блокпост жұмысымен жекелей танысып шықты (+ФОТО)
Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов блокпосттардың жұмысын қарап шықты, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов блокпосттардың жұмысын қарап шықты. 30 наурыздан бастап Атырау қаласында карантин жарияланып, облыс аумағында жүріп-тұруға шектеу шаралары енгізілген болатын.
Қалаға апаратын жолдардың төрт кіреберісіне арнайы блокпост қойылған еді. 2 сәуірден бастап тосқауыл бекеттерінен тек рұқсаты бар автокөліктер ғана өтуде. Аймақ басшысы блокпосттардың жұмысымен танысып, мамандармен және транзиттік жүк көліктері жүргізушілерімен тілдесті. Мамандардың айтуынша, ешқандай проблема жоқ, блокпосттар тиісті режимде жұмыс істеп тұр. Ал тұрғындарымыз үшін ең маңызды — азық-түлік, дәрі-дәрмек сынды тауарлар бөгетсіз өткізілуде.