Жаңалықтар
Атырау облысындағы жер сілкінісі: Ресми түрде тіркелмеген
Whats App мессенджері бойынша кеше, 19 қазанда сағат 12:21-де Құлсары қаласы маңындағы 23 шақырым тереңдікте 3,9 баллдық магнитудасы бар Каспий маңындағы жер сілкінісі туралы ақпарат таратылды.
Алайда төтенше жағдайлар департаменті мұндай факт тіркелмегенін айтты.
— ТЖД барлық желілер бойынша тиісті тексеру жүргізді және Атырау облысы ТЖД кезекшісінің мәліметтері бойынша 19 қазандағы жер сілкінісі туралы таратылған ақпарат расталмады, – деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.