Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді

Облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол учаскесі жабылды. Облыстық көлік және жолаушылар тасымалы басқармасының мәліметінше, 5 наурыз күні сағат 14:40-тан бастап қатты боран мен қардың түсуіне байланысты облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автожолының Индер ауданынан Сағыз ауылына дейінгі бөлігі барлық көлік түрлері үшін уақытша жабылды.

Құзырлы мекемелер тарапынан жүргізушілерге алыс жолға шықпауға, қозғалысты кейінге қалдыруға кеңес беріледі. Ауа райы тұрақталғаннан кейін жол қозғалысының қайта жанданатыны туралы қосымша хабарланатын болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: kz.kursiv.media

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button