Қазақстанда коронавирустан 36 адам жазылып шықты

92729243 870518766750259 2911492866066874368 o COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/5 сәуір, 2020 жыл. Соның ішінде 17 адам елордадан, 19 адам Алматы қаласынан емделіп шықты.

Өкінішке орай, әлемге жайылған қатерлі індет алты адамның өмірін алып кетті.

Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Шымкент қаласында 1 адам, Ақмола облысында 2 адам, Қарағанды облысында 1 адам және Түркістан облысында 1 адамның өлімі тіркеліп отыр.

Дүние жүзінде коронавирус 1 млн 203 мың 973 адамнан расталып отыр. Және әлем бойынша қайтыс болғандар саны 64 743 адамға жетті.

246 648 адам вирусты жеңіп шықты.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauly%d2%9b-o%d2%9bushy-%d3%a9zini%d2%a3-avtorly%d2%9b-zh%d2%b1mysyna-resmi-patent-aldy/

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз