
Жаңалықтар
Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза болды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 26 наурыз күні таңғы сағат 07:30 шамасында Ақтөбе–Атырау–Астрахан тасжолының 575-шақырымында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды.
Toyota Coaster маркалы жолаушылар автобусы мен Lada Vesta жеңіл көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тапты, ал екі адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
–Қазір жол апатының себебі анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — дейді аталған департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.