Атырау облысында вахталық әдіспен жұмыс ​ жасайтын 35​ 370 сайлаушыға дауыс беру ұйымдастырылуда

1 1 Жаңалықтар

«Оның ішінде 17​ 203 адам Атырау облысының тұрғындары» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлау учаскелері құрылмаған аумақтарда және жол қатынасы қиын аумақтарда сайлаушылардың өтініші негізінде дауыс беру ұйымдастырылады. Яғни, дауыс берушілер ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына 10 қаңтар, сағат 12.00-ге дейін жазбаша өтініш қалдыруы тиіс. ​ Осы құқықты жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына байланысты пайдалана алады. Бұл жағдайда сайлаушылардың тұрған жерінде дауыс беру ұйымдастырылады. «Қашаған» кен орнына арнайы ұшақ жіберіледі.

Атырау облысының коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл аймаққа» енуіне байланысты, өндіріс мекемелерінде қатаң санитариялық шектеулер енгізіліп отырғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты, объектіге кірген және шыққан азаматтарға карантиндік талаптарды қатаң ұстану міндеттелуде. Сонымен қатар, дауыс берушіде міндетті түрде ПТР сынамасының теріс қорытындысы болуы тиіс.

Еске сала кетелік, вахталық әдіспен ​ жұмыс ​ жасайтын сайлаушылардың​ 30​ 449-ы Теңіз кен орнында, 2600-і Қарабатанда, ​ 437-сі Қашаған кен орнында, 1884-і «Ембімұнайгаз» өндіріс орнында еңбек етуде.

2020 жылдың 10 желтоқсандағы жағдай бойынша, ​ 10​ 289 сайлаушы дауыс берушілер тізіміне енгізу бойынша, жергілікті атқарушы органдарға өтініш беріп үлгерген. Дауыс берушілер учаскелік сайлау комиссиясына 10 қаңтар, сағат 12.00-ге дейін жазбаша өтініш қалдыра алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз