Жаңалықтар
Атырау облысында тұтанған қамыс жедел сөндірілді
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Атырау облысында қамыстың тұтануын жедел түрде оқшаулады.
Министрліктің ресми ақпарат ресурстарының хабарлауынша, Исатай ауданының Жанбай ауылынан 20 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында жетуі қиын батпақты жерлерде, 7 гектар алқапта қамыс тұтанды.
Өртті сөндіру үшін аталған министрлікке қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Алаңға 18 рет су төгілді. Сондай-ақ ТЖМ күштері жаяу жүріп өртті сөндірді. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
Сала қызметкерлері өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне шұғыл хабарласу қажеттігін ескертеді.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ