Атырау облысында сағат белдеуі ауыса ма?
Әлеуметтік желіде еліміздің батыс аймағында, нақтырақ айтқанда Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары 2023 жылы қараша айының 30-нан желтоқсанның 1-не қараған түні сағат белдеуі астана уақытына ауысатындығы туралы хабарлама желдей ескен болатын.
Республика Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі өкілдерінен білгеніміздей, Республика Сауда және интеграция министрлігімен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу мәселесін зерделеп жатыр.
– Депутаттардың, ОМО өкілдерінің, жұртшылық пен ғылыми ұйымдардың қатысуымен жұмыс тобы құрылған. Алайда, қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ. Шешім мәселені егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін, сондай-ақ жұртшылықпен кеңінен талқыланғаннан кейін қабылданады, — деді Республика экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Айнаш Тілегенқызы
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу екі әкімшілік уақыт белдеуіне жүзеге асырылады: 4-ші (БҚО, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) және 5-ші (Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және т.б. облыстар).
Алмас ҚАБДОЛОВ