Кассалық чек денсаулыққа зиян

original Жаңалықтар

Кассалық чектер адам денсаулығына өте қауіпті.  Ғалымдардың зерттеуінше, мұндай қағазды шығару үшін қолданылатын бұйымда ағзаға аса қауіпті бисфенол А химикаты бар. Бұл туралы испаниялық Гранада университетінің ғалымдары мәлімдеген екен.

original

Белгілі болғанындай, бұл химикат алдымен қатерлі ісіктердің пайда болуын арттырады. Сондай-ақ, белсіздік пен диабеттің салдарын туғызады. Бұдан басқа, жүкті әйелдердің мерзімінен бұрын босануына әкеліп соқса, эндокринді жүйені бұзатындықтан балалардың аутизмге шалдығу мүмкіндігін де жоғарылатады.  

           Дүние жүзі ғалымдарының сөзінше, бисфенол А химикаты пластмасса мен эпоксидті шайырдың негізгі компоненті болып табылады. Сондықтан, бұл зерттеулерге атүсті қарамай, дүкендерде алған тауарыңызды түгендеп алған соң, чектерді қоқыс жәшігіне салып кету қажет. Оны өзіңмен бірге сөмкеңе салып алып, үйде немесе көлікте сақтау қауіпті. Тағы бір маңызды жайт, чектерді лақтырмас бұрын оны уқалап, бүктемеуге мән берген жөн-ақ.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз