Жаңалықтар
Атырау облысында қолдан жасалған 168 қоқыс орны анықталды
Бұл ақпаратты «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» АҚ спутник арқылы анықтаған.
Аталмыш 168 орынның 115-і Жылыой ауданында болса, рұқсат етілмеген қоқыс орындарының 53-і Атырау қаласына тиесілі.
Қоқысты арнайы «ПОЛИГОНҒА» ақысын төлеп жеткізу керек. Алайда, таза жерді, қоқыс алаңына айналдыру эко-мәдениеттің төмендігі.
Айта кету керек, қазір белгіленбеген 53 қоқыс орынның 19-ы тазаланды. Қалған 34 орын полиция департаментімен шарасын алу жұмыстары жүруде. Заманауи технологияларды пайдаланып, кімнің қалай және қай жерге қоқыс тастағаны міндетті түрде анықталады.