Жарнама
Спорт

Атырау облысында Қазақстан әуесқой лигасы ойындары басталды

Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен өтіп жатқан іріктеу ойындарына қала, аудандардан құралған 12 команда қатысуда. Турнир 11х11 форматында жүргізіледі. Ойындар күн сайын сағат 19:00-де «Мұнайшы» стадионында ұйымдастырылады.

«Қазақстан әуесқой лигасын» құру – ҚФФ-ның стратегиялық мақсаты. Бұл бастама елдегі футболдың дамуын бірізді жүйеге түсіруге бағытталған: әуесқой деңгейден бастап кәсіпқой футболға дейінгі толық құрылым қалыптастыру көзделіп отыр. Лиганың тағы бір маңызды міндеті – аймақтардағы футбол инфрақұрылымын нығайтып, оның қоғамдағы беделін арттыру.

Турнир жеңімпазы 2026 жылғы маусымда Екінші лигада ойнауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, келесі жылғы Қазақстан кубогына қатысып, еліміздің атынан УЕФА Аймақтар кубогында өнер көрсетеді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button