Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырау облысында коронавирус індетінен бір адам қайтыс болды

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. Атырау облысы, Жылыой ауданында 1972 жылғы науқас 15 маусымда көз жұмды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, марқұм 13 маусымда дене қызуының көтерілуі, тыныс алуы қиындығы мен аздаған жөтелге шағымданып, Жылыой ауруханасының провизорлық бөліміне жедел жәрдем арқылы жеткізілген. КТ сараптамасы жасалған соң, өкпесінің 50 %-ның қабынуы анықталған. Жағдайының ауырлығына байланысты инфекциялық аурухананың бокс палатасына аударылып, көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, Облыстық аурухана мамандарымен кеңесе отырып, жасанды өкпе желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер тарапынан жасалған көмек деңгейіне қарамастан, науқас 15 маусым күні қайтыс болды.

Бұған дейін денсаулығына байланысты есепте тұрмаған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button