Атырау облысында көктемгі егін егу жұмыстары аяқталды

353058435 736962158437344 6213926199325938883 n Жаңалықтар

Биыл өңірде егістіктің жалпы көлемі 10 338 гектарды құрады. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Айтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы өндірілген көкөністер көлемі 99 718 тоннаны құрап, тұрғындар 109,2% қамтылды. Сондай-ақ, 43 310 тонна бақша өнімдері өндірілді. Қамтылуы – 447,1%. Ал картоптың 28 314 тоннасы өндіріліп, облыс халқы 40,9% қамтылды.

– Биыл жоспар бойынша көкөніс 2945,2 га, бақша 1 345 га, картоп 1941 га, мал азықтық дақылдар 4106 га өндіріледі деп күтіліп отыр. Атырау өңірінің климаты ауыл шаруашылығын дамытуға қолайсыз екені жасырын емес. Облыстың жер қоры бүгінде 11863,1 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 58,7%-і ауыл шаруашылыққа қолайсыз. Дегенмен бұл саланы одан әрі өркендету үшін бірқатар жүйелі шараларды қабылданды. Нәтижесінде биыл жылыжайлар көлемі 30 гектарға дейін (2022 ж. – 26 га), су үнемдеу технологиялар алқабы 4,8 мың гектарға дейін (2022 ж. – 4,5 га) ұлғайды, – деді А.Айтқалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз