Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында кезекті жылыту маусымына дайындық 70 пайызға жетпейді

Қазақстанда бірқатар облыс жылыту маусымына дайын емес. Бұл туралы AtyrauPress 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Биыл әртүрлі қаржы көздерінің есебінен 573 шақырым жылу желісін ауыстыру жоспарланып отыр. Биыл да бірнеше өңір халқы қыс түспей қабат-қабат көрпе жамылып, электронды жылытқыштарды пайдалануға мәжбүр болуы мүмкін, себебі кейбір облыстар әлі жылыту маусымына толық дайын емес. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, әртүрлі қаржы көздерінің есебінен 573 шақырым жылу желісін ауыстыру жоспарланып отыр. Алайда, әзірге тек жұмыстың 86,8 пайызы ғана орындалған. Мәселен, Алматы, Маңғыстау және Атырау өңірлерінің кезекті маусымға дайындығы 70 пайызға жетпейді.

Яғни, қазір Алматы облысындағы жөндеу жұмыстары 47,3 пайызға, Маңғыстауда 54,7 пайызға, Атырауда 65,3 пайызға аяқталыпты. Қанат Шарлапаевтың айтуынша, 2023 жылы 133 шақырым жылу желісі қайта жаңартылуы қажет. Ол үшін бюджеттен 109,5 миллиард теңге бөлінген. Алайда, құрылыс жұмыстары тек 78 пайызға ғана орындалып отыр. 103 шақырым жылу желісі тартылған. Мысалы, Маңғыстау облысында екі жобаны іске асыруға 3,5 миллиард теңге қарастырылыпты. Қазір жоспарланған 5,1 шақырым желінің тек 100 метрі ғана жүргізілген, себебі қажетті құбыр жоқ.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Шымкентте де қиындықтар туындаған. Бұл өңірлерде екі жоба бойынша құрылыс жұмыстарының көрсеткіші 70 пайыздан төмен. Министр осы аталған өңірлерде желілерді жөндеу жұмыстары уақытылы аяқтамауы мүмкін деп қауіптеніп отыр. «Жөндеу жұмыстарының аяқталмауы және жылыту маусымында көрсетілетін қызметтер сапасының нашарлауына әсер ету қаупі жоғары. Осыған байнатысты жергілікті атқарушы органдар жобаларды аяқтау бойынша жедел шараларды қабылауы қажет», – деді ҚР Өнеркәсіп Және Құрылыс Министрі Қанат Шарлапаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button