ЖаңалықтарМедицинаҚоғам
Атырау облысында карантинде 18 адам жатыр
Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. «Қазір Атырауда карантинде 18 адам жатыр.
Оның 13-і облыстық туберкулезге қарсы диспансерде оқшауланса, Жылыой ауданында – 2, Индер ауданында 1 адам бар. Олар – 1А санатына енгізілген мемлекеттерден келгендер. Ал, №2 облыстық ауруханасында 2 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың барлығы 14 күн бойы карантинде болады. Оқшауланған адамдардың дене қызуы күніне 2 рет тексеріліп, медициналық қадағалау жүргізілуде», — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аслан Жеңісұлы.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ