Атырау облысында еріген қар суын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде

nenene Жаңалықтар

Ауа-райының күрт жылынуына байланысты Қызылқоға мен Индер аудандарында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Индер ауданы Жарсуат ауылы, Елтай ауылы, Өрлік ауылының көшелерінде тереңдігі 60 см болатын жаңбыр және еріген қар суларын арнайы су сору техникасымен айдап, ауыл сыртына шығару жұмыстарын жүргізілді.

Сондай-ақ, 6-8 наурыз аралығында Атырау облысының Индер ауданында 6710 м3 су сорылды. Индер ауданында еріген қар суын шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды. Ал Қызылқоға ауданында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Қызылқоға ауданы Миялы ауылында көшелердің бірінде орналасқан екі үйдің аулаларынан 6-8 наурыз аралығында 10 000 м3 қар суы шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 21 қызметкер, 3 бірлік техника мен 1 бірлік мотопомпа,  жергілікті атқарушы органдардан 55 қызметкер және 9 бірлік техник, «ҚайнарМұнайГаз» АҚ 3  адам, 3 бірлік техника, 5 мотопомпа жұмылдырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз