Жарнама
Жаңалықтар

Облыста егін жинау жұмыстары басталды

Атырау облысы бойынша көктемгі дала жұмыстары белгіленген мерзімде және агротехникалық талаптарға толық сәйкес аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Облыс бойынша жалпы егіс көлемі 8 753,5 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3 492,8 гектарға немесе 66% артқан.

– Ауыл шаруашылығының барлық бағытында көрсеткіштер өсіп келеді. Егіс көлемінің артуы – саладағы жүйелі қолдаулар мен шаруалар еңбегінің нәтижесі. Бүгінде маусымдық жұмыстарға қажетті жұмыс күші де қамтылуда. Биыл облысқа шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 670 квота бөлініп, 1 шілдедегі жағдай бойынша 501 азаматқа рұқсат берілді. Қалған 169 квота бойынша жұмыс жалғасуда, – деді облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Азат Қапанов.

f55962d9 b021 4e3a 899f 85fa890d8199

Қазір облыс көлемінде егін жинау жұмыстары басталды. 8 753,5 гектардың 435 гектары орылып, 6 940 тонна өнім жиналды. Оның ішінде 65 гектар көкөністен 2 100 тонна, 70 гектар бақша дақылдарынан 3160 тонна, 300 гектар мал азықтық дақылдарынан 1 680 тонна өнім алынған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button