Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырау облысында Covid-19 жұқтырғандар саны 944 адамға жетті

Аtr.kz/27 мамыр, 2020 жыл. Өткен тәулік ішінде өңірде Covid-19 індетінің 21 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Шұғыл штаб.

Қауіпті індетке шалдыққандардың 20-сы — Теңіз кенішінің жұмысшылары.  Инфекция 16 ер адам мен 4 әйелден  скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

— Ал, тағы бір науқас —  1972 жылғы Құрманғазы ауданының тұрғыны. Ер адам бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған, — дейді Жедел штаб.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті хаттамаларға сәйкес ем қабылдауда. Ауру ошақтары мен байланысушы тұлғалар анықталу үстінде.

Бүгінде Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны 944 адамға жетіп отыр. Ал, қауіпті індеттен айыққандар саны — 236.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button