Атырау облысында Covid-19 індетінен тағы 12 адам айықты

1 22 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Өңірде коронавирус инфекциясынан сауығып  шыққандар  саны 59  жетті, деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Бүгін, 27 сәуір күні   екінші облыстық аурухананың инфекциялық стационарынан  тағы  12 тұрғын шығарылды. Олардан алынған ПТР тесттің  талдау нәтижесі  коронавирус жоқ екенін көрсетті.

Осылайша,  облыс бойынша коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 59 жетіп отыр. Ал, індет жұқтырушылар саны – 123.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз